05.01.2017
Облыстың статистика департаменті хабарлағандай, 2015 жылғы қаңтар-қарашасымен салыстырғанда кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазуда 46,1%-ға, суды жинау, өңдеу және бөлуде – 2,3%-ға, кәріз жүйесінде – 1,3%-ға өндіріс көлемі өсті.
Өңдеу өнеркәсібінде көлемнің 1,9%-ға, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауаны баптауда – 2,2%-ға, қалдықтарды жинау, өңдеу және жою; қалдықтарды кәдеге жаратуда – 1,6%-ға төмендеуі байқалды.
Сондай-ақ, тамақ өнімдерін өндіру, металлургия өнеркәсібі, машиналар мен жабдықтардан басқа дайын металл бұйымдарын жасау арта түсті. Мұнай өңдеу, химиялық өнеркәсіп, өзге металл емес минералдық өнімдер, машина жасау, электр энергиясын өндіру, беру және бөлу, көмір және лигнит өндіру көлемінің азайғандығы байқалды.