04.01.2017
Биылғы он екі айдың қорытындысына жүгінсек, облыс бойынша жалпы өңірлік өнім 2643,5 млрд. теңгені құрайды. Табиғи көлем индексі – 100,5 пайыз.
Өнеркәсіп өнімдерін өндіруде де алғабасушылық байқалады. Бұл салада биыл біздің кәсіпорындар 1428,8 млрд. теңгенің өнімін өндіріп, былтырғымен салыстырғанда 138,9 пайыз мөлшеріндегі өсімге қол жеткізді.
Сондай-ақ, аймақ экономикасындағы айрықша маңызға ие ауыл шаруашылығы саласында жалпы өнім көлемі 399,6 млрд. теңгеге жетіп жығылса, негізгі капиталға шамамен 396,5 млрд. теңгедей инвестиция тартылды.
Құрылыс жұмыстарының ауқымы да айтарлықтай. Жыл басынан бері бұл бағытта 220,2 млрд. теңгенің жұмысы атқарылып, 333,9 мың шаршы метр тұрғын үй қолданысқа берілген. Облыстағы баспанасыз жүрген отбасылардың бірсыпырасы биыл жаңа пәтерлерге кіріп, қоныс тойларын тойлады.
Бөлшек сауда айналымының көлемі 2015 жылмен салыстырғанда 117,9 пайызға өсіп, 701,3 млрд. теңгені құрады. Ал нақты жұмыссыздық деңгейі ағымдағы үш тоқсанның қорытындысы бойынша 4,9 пайыз болды.
Жергілікті бюджетке түскен түсім – 91,5 млрд. теңге.