04.01.2017
Қала әкімдігінде хабарлағандай, «Алматы Жылу желісі» ЖШС-нің автопаркі 200 техника бірлігінен тұрады, 30%-ға жаңарды, яғни 630 млн теңгеге 61 арнайы техника бірлігі алынды. Қатқыл тұрмыстық қалдықтарды жинайтын әрі сыртқа шығаратын «Тәртіп» АҚ автопаркі де 32 жаңа техника бірлігіне ие болды.
Жаңа техника Алматының жылу жүйесінің тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз етіп, қысқа мерзім ішінде жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізуге, оқыс жағдайлар болған кезде мәселені жедел түрде шешуге мүмкіндік береді. Атап өтерлік жайт, «АлТС» автопаркінде алғашқы ассенизатор да пайда болды, соның арқасында ыстық суды сору кезінде апатты жағдайдың уақытын 15%-ға қысқартады.
Жылжымалы апатты зертханалар барынша үнемді әрі толық жабдықталған. Мұнда шағын электростанция, дәнекерлеуші агрегат, сорғы қондырғы сынды мүкаммалдар жеткілікті, ол Euro 4 стандартты бензинімен жүреді, сұйытылған газды да пайдалануға болады, барынша жіті қимылдайды және көшелер мен аулалардағы құбырлардың кемшіліктерін тез табады және жөндейді.