• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Шымкентте 30 көпқабатты үй пайдалануға берілді (ФОТО) 04.01.2017

2015 жылы Шымкент қаласы «Асар» шағын ауданында 5 қабатты 30 тұрғын үйдің құрылысы басталған болатын. 900 пәтерді құрайтын жаңа тұрғын үй алабының құрылысына 7 миллиард 652 миллион теңге жұмсалды.

Бүгінде тұрғын үйлердің құрылысы толық аяқталып, тұрғындарды қоныстандыру ісі басталды. Жаңа жылдың алдында облыс әкімі Жансейіт Түймебаев қуанышқа кенелген ең алғашқы 42 отбасыға пәтер кілтін салтанатты түрде табыстады.

Айта кетейік,  «Асардағы»  5 қабатты 30 тұрғын үйдің құрылысын  «Корпорация АҚ ордасы» ЖШС-гі жүргізген. Жаңа пәтерлер тұрғындарға жалға алу  құқығымен ұзақ жылға беріліп отыр.  Мұндағы баспаналардың бір бөлмелісі – 42, екі бөлмелісі  54,  үш бөлмелісі 74 шаршы метрлі  900 пәтерді  құрайды.

Айта кетейік, «Асар» шағынауданынан пайдалануға берілетін 900 пәтерге жалға беру жүйесі бойынша «E-gov» порталы арқылы  4076 өтініш қабылданған.

                                                                                                  


Back to the list