• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Алматыда 28 мың абонент үшін 167 км су құбыры салынады 27.12.2016

Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының жетекшісі  Мақсат Кикимов  айтқандай, бюджет әлеуметтік бейімгершілігін сақтап қалды, әлеуметтік салаға барлық шығынның үштен бір бөлігі бағытталады.

«Қазіргі заманға сай мегаполис көрсеткіштерінің бірі  инженерлік инфрақұрылымды дамыту,  энергетика мен коммуналдық шаруашылыққа  43,3 млрд теңге инвестиция құю қарастырылған, бұл өткен жылғымен салыстырғанда  16 пайызға жоғары. Бұл шығынның төрттен бірі  қосылған шекаралардағы жүйені  дамытуға бағытталады», - деді М.Кикимов.

Бөлінген қаражат бойынша  167 км салу жоспарланған, оның ішінде  116 км – су құбыры, 51 км – кәріз жүйесі.  Ол Алатау ауданының 28 мың абонентін қамтамасыз етеді.


Back to the list