23.12.2016
Кабинет Қостанай облысының әкімдігі мен «Дара» қорының қолдауымен «Бірдейміз бәріміз: Инклюзивтік білім беруді қолдаймыз» жобасы аясында ашылды.
Салтанатты ашылу шарасына облыс әкімі Архимед Мұхамбетов, «Дара» қорының жетекшісі Гүлнар Досаева, жоба меценаты Гүлнара Жөкебаева, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері қатысты.
«Біздің мақсатымыз – инклюзивтік қоғамды ілгерілету. Біз Түзету орталықтарын ашып, балалардың білікті мамандардан сабақ алуына мүмкіндік жасаймыз», - деді Г.Досаева.
Қазіргі таңда Қостанай облысында қажеттілігі ерекше 10 мың бала өмір сүріп жатыр.
«Егер де 25 жыл бұрын тек бір ғана облыстық психолого-педагогикалық консультация болса, қазір олардың саны 15-ке жетті. Біз бүгін тағы бір кабинетті аштық. Қор мен меценаттарға игі істе сәттілік тілегім келеді», - деді облыс әкімдігі.
Өңір басшысы кабинеттің ашылуына орай арнайы қондырғы сатып алу үшін 1 млн теңгенің сертификатын табыстады.