23.12.2016
Ағымдағы жылғы 11 ай қорытындылары бойынша облыста ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі - 340,3 млрд теңгені, физикалық көлем индексі 110,3% құрады. Астана қаласының айналасындағы азық-түлік белдеуі бойынша ағымдағы жылы 9,8 млрд теңге сомасына 11 жобаны іске асыру жоспарланған. Қазіргі уақытта 7,2 млрд теңге сомасына 9 жоба іске асырылған. 2016 жылғы қаңтар-қараша аралығында 328,5 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген.
Ағымдағы жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасын іске асыруға республикалық бюджеттен 6,5 млрд теңге бөлінді. ЖЖК аясында 8414 азамат жұмысқа орналастырылған, оның ішінде 74% (6214) - тұрақты жұмыс орнына.