• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Солтүстік Қазақстанда 2016 жылы  ұн шығару 38,3%-ға өсті 20.12.2016

Үстiмiздегi жылдың 11 айы бойынша әлеуметтiк- экономикалық даму қорытындылары туралы статистика департаментiнiң басшысы Марал Нұржаупова баяндады.

«Жедел статистикалық ақпараттар бойынша 2016 жылдың қаңтар- қараша айларында азық-түлiк өндiрiсi 6,3 %-ға өстi, оның iшiнде ұн шығару 38,3%-ға, сақтау мерзiмi ұзақ кондитерлiк өнiмдер 15,5%-ға, сүт өнiмдерi 4,7%-ға, малға арналған жем-азық 10,4%-ға артты. Химия өнеркәсiбi өнiмдерiнiң өндiрiсi 53,3%-ға, жеңiл өнеркәсiп өнiмдерiнiң өндiрiсi — 17,2%-ға артқан», — дедi Марал Нуржаупова.

Облыс бойынша өндiрiс көлемiнiң өсiм қарқыны Айыртау, Ақжар, Шал ақын және Қызылжар аудандарында байқалады.

Облыс әкiмi аудан басшыларына өсiм көрсеткiштерi мүмкiн болатын бағыттар бойынша жұмысты жандандыруды тапсырды.

Сондай-ақ, аппараттық кеңесте облыс бюджетiнiң орындалу мәселесi қарастырылды. Мемлекеттiк кiрiстер департаментiнiң басшысы Данияр Жаналиновтың айтуынша 15 желтоқсанға дейiн облыстың жергiлiктi бюджетiне 32 935,8 млн. теңге жеке кiрiс, облыстық бюджетке — 15 001, 2 млн. теңге.

Қаржы басқармасы басшысының орынбасары Наталья Дышкант 2017 жылға арналған мемлекеттiк сатып алулар жоспары туралы баяндады.


Back to the list