14.12.2016
«ШҚО ауылдық ауруханаларының медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру үшін қондырғыларды жаңғырту қажет болды. Оның көп бөлігі сонау 70-ші жылдардан қалған құрылғылар еді. Қажетті техникаға мониторинг жүргізе отырып, 2 мың техника қажет екендігі шешілді. «Парыз» қоры ұсынған қаражат KAZ Minerals және «Қазмырыш» ЖШС компаниялар тобына табысталды», - делінген хабарламада.
1,5 млрд теңгенің сертификаты аудандық ауруханалардың жетекшілеріне табысталды. Оған қалалық емханалардың директорлары да ие болды.
Ақпараттық орталықта хабарлағандай, ауыл тұрғындарының жағдайлары енді қолайлы бола түспек. Олар Өскемен мен Семейдің медициналық ұйымдарына барып қаражат жұмсамайтын болады.