• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
СҚО-да 10 жыл ішінде кәсіпкерлік субъектілерінің саны 13 мыңға көбейген 13.12.2016

Форумды ашқан Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ерік Сұлтанов еліміздің экономикалық өсуінің негізгі факторларының бірі шағын және орта бизнестің дамуы болып табылады.

«Тәуелсіздік жылдары ішінде қазақстандық бизнес күшейіп, сенімді түрде алға қадам басып келеді, шетелдік нарықтарға шығуда, отандық өндіріс белсенді даму үстінде. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын тойлау қарсаңында біз кәсіпкерлікті дамыту қорытындыларын жасап, алдағы жылдарға арналған болашақ бағыттарды талқылаймыз», — деді Е. Сұлтанов.

Облыс әкімінің орынбасары Ратмир Ахметов өткен онжылдық ішінде кәсіпкерлік субъектілерінің саны 27 мыңнан 40 мыңға дейін көбейгенін атап өтті.

«Кәсіпкерлік субъектілері өнімінің шығарылымы 5,5 есе ұлғайды. Бизнес саласындағы жұмыспен қамтылғандардың саны 1,4 есе өсті. Жалпы өңірлік өнімде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің үлесі 18,5%-дан 23,9%-ға дейін өсті», - деп атап өтті ол.

Кездесу барысында жыл қорытындылары жасалып, облыс кәсіпкерлігін дамытуға едәуір үлес қосқандар марапатталды. 


Back to the list