• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Талдықорғанда МЖӘ аясында жекеменшік балабақша ашылды 12.12.2016

40 орынды "Нұрай" және 50 орынды "Аниса" балабақшаларының ашылуына қала әкімі Бағдат Қарасаев арнайы қатысты.

"Бұл - мемлекеттік-жекеменшік әріптестіктің нақты нәтижесі. Мемлекет болашағының жарқын болуын ойлап, қолдан келген ізгі көмегін көрсетіп жүрген кәсіпкерлеріміздің  арқасында қаламызда бүлдіршіндерді мектепке дейінгі біліммен қамту көрсеткіші 87 пайызға жетіп қалды", -  деп атап өтті қала әкімі Б. Қарасаев.

Бүгін есігін ашқан жаңа балабақшаларда балдырғандар үшін барлық жағдай жасалған.

Айта кетелік, бүгінде қалада 57 мектепке дейінгі мекеме жұмыс істеп келеді. Алдағы уақытта мемлекеттік – жекеменшік әріптестік шеңберінде тағы да көптеген білім беру нысандарын салып, бүлдіршіндерді толықтай мектепке дейінгі біліммен қамтамасыз ету жоспары бар.


Back to the list