09.12.2016
«Аққұс» фабрикасы өңірде 10 жыл бойы жұмыс істеп келеді. Бройлер бағытындағы құс фабрикасы – Батыс өңіріндегі жалғыз фабрика, өнім Ақтөбеде ғана емес, сонымен қатар көрші Атырау, Ақтау қалаларында, сондай-ақ Батыс Қазақстан облысында да өткізіледі. Ең жақын уақытта Қытай мен РФ-ға экспортқа шығару жоспарлануда.
«Кәсіпорын өнімі үлкен сұранысқа ие және бағасы жағынан да және сапасы жағынан да бәсекеге қабілетті. Кәсіпорынның барлық мүмкіндіктерін ескере отырып, компания басшылығы бройлерлік ет өндірісінің қуаттылығын ұлғайтуды кеңейту туралы шешім қабылдап, инвестициялық жобаны іске асыруға кірісті», - делінген хабарламада.
Жоба құны 1,5 млрд теңгені құрады. Жаңа цех фабриканың қуаттылығын сағатына 3 мың құс басына дейін және жылына 10 мың тоннаға дейін екі есе ұлғайтуға мүмкіндік береді. Қолайлы жағдайлар кезінде жобаның өтемділігі 3 жылды құрайды. 35 жұмыс орны ашылды. Жобаның бірегейлігі кәсіпорынның 3 есе өнімділігін арттыруға мүмкіндік беретін неміс технологиясын енгізу болып табылады.
Осы ретте, «Көктас Ақтөбе» АҚ жобаны іске асыру кезінде мемлекеттік қолдау шаралары көрсетілді, атап айтқанда, «Аққұс» құс фабрикасының жанындағы Бестамақ ауылдық округінің аумағында ауданы 1 га жер учаскесі бөлінді.
Әкімдікте өңірде құс етіне сұраныс өсіп келе жатқаны атап өтілді. Қазіргі уақытта құс фабрикасы облыс мұқтаждықтарын тек 68%-ға ғана өтейді, алайда, жаңа өндірістің іске қосылуының арқасында жуық арада біз Батыс өңірінің құс етіне мұқтаждығын толық өтей аламыз.