• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Павлодар облысында "жедел жәрдем" автопаркі 6 реанимобильмен толықты 08.12.2016

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында Болат Бақауов облыстық жедел жәрдем қызметіне ең озық, заманауи медициналық жабдықпен жарақталған алты реанимобиль көлігін тапсырды. Салтанатты шара кардиологиялық орталықтың алаңында өтті.

"Біздің «жедел жәрдем» төтенше жағдайлар орын алған кезде небары он минутта жететін, еліміздегі ең жедел қызметтердің бірі. Келесі жылдың бюджеті есебінен 80 автокөлік алынады. Оның ішінде 10 реанимобиль, 20 жедел жәрдем көлігі және ауыл тұрғындарына қызмет көрсетуге арналған 50 көлік", - деді ол.

Аймақ басшысы облыс қалалары мен аудандарында көрсетілетін медициналық жәрдемнің сапасын арттыру мақсатында фельдшерлік пунктер мен ауруханалар ашылып жатқанын айтып өтті. Жақын күндері Май ауданында омыртқасы зақымдалған мүгедек жандарға арналған орталық, ал Екібастұз қаласында диагностикалық орталық   ашылады. Сонымен қатар, дәрігерлердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсарту бойынша бірқатар шаралар қолданылуда.

Облыс әкімі, сондай-ақ Павлодар облыстық жедел жәрдем стансасына барып,ондағы тыныс-тіршілікпен танысты. Қазіргі уақытта мұнда облыс бойынша жедел жәрдем қызметін оңтайландырудың бастапқы жобасы енгізілген. Навигациялық жүйені енгізу арқылы енді «онлайн» тәртібінде барлық бағыттарды бақылау ұстауға болады.


Back to the list