09.12.2016
Серіктестіктің жобалық қуттылығы жылына 7200 дана құрылыс материалын (СИП панель) шығаруға көзделген, бұл шамамен 10000 ш.м. тұрғын үйдің құрылысына жетеді.
Өткен мерзімде кәсіпорын 670 млн. теңгенің құрылыс бұйымдарын өндірген. Бүгінде бұл жерде 20 адам еңбек етеді. «Ормис Казахстан» ЖШС басшысы Ербол Қазбековтың айтуынша өндірістік цехтан басқа серіктестік туризмді дамытумен де айналысатын көрінеді, олардың 10 нөмірлік қонақ үйі, 100 адамдық банкет залы және ағаштан жасалған 12 қиман үйі бар екен. Өңір басшысы кәсіпорын жұмысына оң баға беріп, әрі қарайғы қызметіне сәттілік тіледі.
Алда келе жатқан ҚР тәуелсіздігі күні мерекесі қарсаңында Аршалы ауданының үш бірдей елді мекені тазартылған ауыз сумен қамтылатын болды. Арнасай ауылында Аршалы поселкесіне дейін ұзындығы 22 км. болатын су тартқыш кешен желісін қайта жөндеу жобасы «Сапалы су» бағдарламасы бойынша жүзеге асырылды.
Осының нәтижесінде мұнда 3 су тартқыш станция, 2 резервуар, су жинау және тазарту қондырғылары салынды. Енді 2500 абонент тазартылған ауыз суды пайдаланатын болады. Облыс әкімі осы жаңа су тазарту кешенінің іске қосылу жұмыстарымен де танысты.