• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Алматы облысының Балқаш ауданында 2016 жылы 3 кооператив құрылды 09.12.2016

Ауданда мал шаруашылығын дамытудың әлеуеті зор. Атап айтқанда, «Өтес БиоАзия» ЖШС-ның 5 мың бастық мал бордақылау кешені жыл соңына дейін 1200 тонна ет өндірсе, келесі жылдың межесі 1300 тонна болмақ.

 «Динара Ранч» ЖШС-ның осындай кешені жыл аяғына дейін 1400 тонна, 2017 жылы 1500 тонна ет өндірмек. «Жақсылық» шаруа қожалығы 3 мың басқа арналған құны 835 млн. теңгені құрайтын мал бордақылау кешенінің құрылысын жоспарлап отыр.

Ауданда ұсақ шаруа қожалықтарын біріктіру арқылы 3 кооператив құрылған. Жылыжай өндірісін дамыту бойынша биылғы жылдың соңына дейін Бақбақты ауылдық округінде көлемі 0,14 га болатын жерде 2 жылыжай құрылысы аяқталып, іске қосылатын болады.

Ал Кербұлақ ауданының әкімі Б. Әлиевтің баяндауынша,  2017 жылы өңірде «Каз Атомпром Гельюс стартегия» кәсіпорны құны 29,2 млрд. теңге болатын 50 МВт күн электр станциясы салады. Сол сияқты Көктал өзенінде қуаты 50 МВт ГЭС, «Ала цем» ЖШС-ның жылдық қуаты 1200 тонналық жобалық құны 37 млрд. теңгелік цемент шығаратын зауыттың құрылысын бастамақшы.

Көксу ауданының әкімі А. Әділдің айтуынша, Балпық би ауылында 8 га жерге өнеркәсіп алаңы белгіленіп, бүгінгі күнге барлық инженерлік инфрақұрылымы жүргізілген. Қазір мұнда «Олимп Көксу» ЖШС-ның құрылысқа арналған құрғақ қоспалар мен газоблоктар шығаратын зауыттың құрылысы аяқталған. Сплитерлік блоктар шығаратын «Есмұрзаев» ЖК цехының құрылысына 1 га жер бөлінген. Өнеркәсіп алаңының бос жатқан 4,7 га жеріне тағы 3 кәсіпорынды орналастыру жоспарланып отыр.

2015 жылы іске қосылған «КазАгроСервис» ЖШС-ның 0,8 га жылыжайының аумағы биылғы жылы кеңейтіліп, 1,2 гектарға жеткізілген. Сонымен қатар Балпық би ауылында жеке қаражат есебінен 0,5 гектарлық жылыжай ашылады. Мұқаншы ауылдық округінде көкөніс сақтау қомасы мен Балпық би ауылында 2 га жерге заманауи жылыжай құрылысын жүргізуге инвесторлармен келісім жүргізілуде.

Индустрияландыру картасы бойынша қолданыстағы «Уыз Май Industry» ЖШС-ның өсімдік майын ыдысқа құя отырып дезодорациялау мен рафинадтау желісіне, майлы дақылдарды өңдеу желісіне, ұн тартатын кәсіпорынға жер учаскелері белгіленіп, бизнес-жоспарлары әзірленіп жатыр.

Биылғы жылы ауданда балаларды балабақшамен қамту деңгейі жыл соңына дейін 90,2 % жеткізіледі. Келесі жылы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік негізінде Жамбыл және Балпық би ауылдарында мектепке дейінгі мекемелер ашу жоспарланған.

 


Back to the list