08.12.2016
«Алдағы 5 жылда 610 мың га аумақтағы тұрақты суғарылатын жердің ирригациялық жүйесін қалпына келтіру жоспарлануда. Атап айтқанда, Алматы облысында – 127 мың га, ОҚО – 99 мың га, ШҚО – 92 мың га, Жамбыл облысы – 86 мың га, БҚО – 40 мың га, Павлодар облысы – 30 мың га, Ақтөбе облысы – 29 мың га, Қызылорда облысы – 29 мың га, Қарағанды облысы – 28 мың га, СҚО – 28 мың га және Атырау облысы – 22 мың га», – деп хабарлады И.Әбішев.
Сондай-ақ, мемлекеттік бағдарлама аясында 368 мың га аумақтағы көлдетіп суару жерін қалпына келтіру жоспарлануда.
Атап айтқанда, БҚО-да163 мың га, ШҚО-да 56 мың га, Ақмола облысында 44 мың га, Ақтөбе облысы – 41мың га, Атырау облысы – 36 мың га, Павлодар облысы – 24 мың га және Қарағанды облысы – 4 мың га.
Бұдан бөлек, ескірген коллекторлық-дренаждық желілерді қалпына келтіру жоспарлануда. Оның жалпы ұзындығы 13,2 мың шақырым, вертикальды-дренажды саңылау 955 дана болмақ.
Айта кетейік, Елбасының тапсырмасы бойынша Үкімет АӨК дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жобасын әзірлеген болатын.