• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
2017 жылғы  Универсиадаға арналған  пошталық маркалар шығарылды 08.12.2016

Маркаға мөр басу салтанаты бүгін Универсиаданың «Алматы Арена» атты жаңа ғимаратында өтті. Іс-шара барысында «EMS-Kazpost» 2017 жылғы Универсиаданың ресми курьері болатындығы жарияланды, деп хабарлады “Қазпочта” АҚ баспасөз қызметі.

Маркаға мөр басу салтанатына Алматы қаласындағы 2017 жылғы 28-ші Дүниежузілік қысқы Универсиаданы ұйымдастыру және өткізу Дирекциясының директордың орынбасары Қайрат Биекенов және «Казпочта» АҚ-ның «EMS-Kazpost» филиалының директоры Еркинбек Дускужанов қатысты.

«Бүгін біз 2017 жылдың Дүниежүзілік қысқы Универсиадасының ресми курьері «Қазпочта» АҚ-ның «EMS-Kazpost» филиалы болғанын қуана хабарлаймыз. Дирекциямыздың корреспонденциясын әлем бойынша ғана емес, сонымен қатар еліміздің кез-келген тұрғылықты мекеніне жеткізе алатын компанияны таңдау біз үшін өте маңызды. Алдымызда қойылған мақсаттарымызға «EMS-Kazpost» толығымен сейкес келеді. Сонымен қатар, бұл компания эстафета алауына керекті ірі габаритті жүкті тасымалдайды. «Қазпочта» арамыздағы серіктестіктің нәтижесінде, бүгін біз Алматы қаласындағы 2017 жылғы 28-ші Дүниежузілік қысқы Универсиадаға арналып шығарылған пошталық маркаларға мөр басу салтанатының күәгерлеріміз. Айрықша іс-шараларға орай арнайы марка шығару, сол іс-шараның ел үшін маңыздылығын көрсетеді» - деп Универсиада Дирекциясының директордың орынбасары Қайрат Биекенов атап өтті.

«Біз 2017-жылғы Универсиаданың ресми курьері болу ұсынысын қуана қабылдадық. Спорт дегеніміз - қозғалыс, жылдамдық және еңбекқорлық, осының барлығы біздің жұмысқа да ұқсас. Біздің қызметкерлеріміз сәлемдемелерді сапалы және барынша тез жеткізуге тырысып, ең үлкен жүлдеге, яғни клиенттің ризалығына күнделікті талпынады.

Осы серіктестіктің барысында біз шет мемлекеттерге 1000-нан астам сәлемдемелерді жеткіземіз, ал Қазақстан бойынша 10 тонна шамасындағы ірі габаритті жүк тасымалдаймыз. Сонымен қатар, біз тауарлар мен басқа да құндылықтарды сақтауға арналған 500 шаршы метрлік қойманы пайдалануға береміз» - деп Еркинбек Дускужанов, «Казпочта» АҚ-ның «EMS-Kazpost» филиалының директоры бөлісті.

«Алматы қаласындағы 2017 жылғы 28-ші Дүниежузілік қысқы Универсиада» тақырыбындағы «Спорт» топтамасындағы пошталық блоктың маркасы 4 бояулы офсетті тәсілмен басылған, перфорациясы жақтаулы. Блоктың өлшемі 90 х 100 мм. Марканың өлшемі  28 х 40 мм. Таралымы – 7 500 блок. Суретші  К. Плужникова. Белгіленген бағасы 300 теңге. Пошталық маркалар «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Банкнот Фабрикасы» Республикалық мемлекеттік кәсіпорнында басып шығарылды.


Back to the list