07.12.2016
Жаңа қуаттылықтар мұнайды экспортпен отандық мұнай өңдеу зауыттарына жеткізу мақсатында Қазақстан-Қытай мұнай құбырының Атырау-Кеңқияқ учаскісінің өткізу әлеуетін ұлғайтты.
Әр түрлі жүк жөнелтушілердің, оның ішінде Қытай Халық Республикасы бағытына қарай қашаған мұнайын тасымалдауын, батысқазақстандық мұнайды отандық зауыттарға жеткізуді қамтамасыз ету аясында Қазақстан-Қытай мұнай құбыры құрылысының жобасының 2 кезеңінің екінші кезекті жүзеге асыру шеңберінде «663 км» МАС жөндеуден өкізіліп, кеңейтілді, деп хабарлады «ҚазТрансОйл» АҚ баспасөз қызметі.
«Модернизацияланған мұнай айдау станциясын ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық тойымен тұспа-тұс келгені қуантарлық жағдай және бұл Қашаған мен басқа да батысқазақстандық кен орындарының мұнайын ҚХР экспортқа және отандық мұнай өңдеу зауыттарына жеткізуге мүмкіндік беріп отыр», - деп телемост барысында «ҚазТрансОйл» АҚ Батыс филиалының директоры мәлімдеді.
«663 км» МАС-тың модернизациялау жұмыстары 2014 жылдың қаңтар айында басталған, жөндеу жұмыстарын отандық мердігерлер жүргізді. Жобалық шешімдерге сай реверсттік режиміндегі Атырау-Кеңқияқ мұнай құбыры жұмысының бас мұнай айдау станциясының қызметін атқарады. Бұған қоса, жоба аясында «663 км МАС - АМӨЗ» мұнай құбыры арқылы «663 км» МАС мұнай айдау функциясын атқармақ.