07.12.2016
Республиканың АӨК маңызды нысан "ҚазАгро" ұлттық холдингінің 10-жылдығы және Қазақстанның Тәуелсіздігінің 25-жылдығы қарсаңында іске қосылды.
«BRBAPK» ЖШС-нің жалпы құны 7,8 млрд. теңге тұратын алаңы 12 га жылыжайын «ҚазАгро» құрылымындағы компания - «ҚазАгроҚаржы» АҚ қаржыландырған. Объект оңтүстік астананың Алатау ауданында орналасқан және 3 200 тонна қызанақ пен 4 000 тонна қиярдың жылдық өндірісіне бағдарланған. Өндірісте Dalsem голланд компаниясының технологиясы қолданылады. Шамамен 150 адамды жұмыспен қамту көзделген. Қазірдің өзінде өндірісте шамамен 150 адам еңбекпен қамтылған.
"BRB APK» ЖШС директоры Нұрлан Әділханның айтуынша,бүгіннің өзінде жылыжай күн сайын 20 тонна қияр шығарады, қызанақ та пісуге жақын. "Біздің негізгі артықшылығымыз, қолданатын технологиядан басқа сауда желілерінің қолжетімді әрі жақын орналасуы және өндірісті ауыздықтау жұмыстарын жүргізу мүмкіндігі бар. Әрине, кешен отандық нарықтың көкөніс өнімдеріне қажеттілігінің бәрін жаба алмайды, бірақ сөзсіз импорт алмастыруға және қазақстандық сатып алушыларды экологиялық таза өніммен қамтамасыз етуге өз ықпалын тигізеді" – деді жобаның жетекшісі.
Бүгінгі таңда отандық фермерлерді қолдап, маусымаралық кезеңде көкөніс өнімдеріне деген қажеттілікті қанағаттандыру мақсатында, «ҚазАгро» ұлттық холдингі алаңы 147 га жерде өнеркәсіптік типтегі жылыжай кешендерін тұрғызу бойынша 41 жобаны қаржыландыруға мақұлдады. Олардың жиынтық құны 46,5 млрд. теңге, ал өндірістік қуаты – жылына 63 мың тонна жеміс пен көкөніс өнімдері. Қазіргі уақытқа бұдан бұрын мақұлданған жобалардың 33-і өндіріске ендігі қосылып та қойған. Қолданыстағы жылыжайлардың ішіндегі ең белгілісі – «Green Land Alatau» ЖШС (Алматы обл.), «Аделя» ШҚ (ОҚО), «Қазақстанның Жылыжай Технологиялары» ЖШС (Ақмола обл.) жылыжайлары.
«BRB APK» ЖШС жылыжай кешені – бұл 530 инвестициялық жобаның біреуі, ол «ҚазАгро» ұлттық холдингтің компаниялары тобымен қаржыландыруға мақұлданған. Оның жиынтық құны - 285 млрд. теңге. Іс жүзінде, бұл инфрақұрылымдық жобалар, олар аграрлық саладағы – ет және сүтті мал шаруашылығынан бастап өсімдік шаруашылығы мен өнімдерді қайта өңдеуге дейінгі түрлі бағыттарды дамыту үшін серпін береді. Бүгінгі күні осы жобалардың ішінде пайдалануға берілгені – 490 жоба, оның көп бөлігі толық жобалық қуатқа шықты" – деді «ҚазАгроФинанс» АҚ -нің Басқарма төрағасының орынбасары Тимур Қарағойшын.
Сонымен бірге, жеміс пен көкөніс өнімдерінің өндірісін қолдау шеңберінде, «ҚазАгроның» компаниялар тобы суару жүйесін қолданып өнім өндіретін құны 19 млрд. теңге және жиынтық қуаты жылына 239 мың тонна болатын 66 жобаны мақұлдады. Қазір 63 жобасы іске қосылған. Қолданыстағы объектілердің ішінде "Арғын" ШҚ (Қарағанды обл.), Айдарбаев ШҚ (Алматы обл.) жобаларын атап өтуге болады.
Бақтарды құру мен дамыту бөлігінде, Холдинг жиынтық қуаты жылына 31 мың тонна жеміс пен көкөніс өнімдерін өндіретін құны 6 млрд. теңге тұратын 14 жобаны мақұлдады. 14 жобаның бәрі де іске қосылған. Олардың ішіндегі ең ірілері - «Аманкелдi» ЖШС (ОҚО), "Alma Green Fields" ЖШС (Алматы обл.).
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметі бойынша, республикадағы ерте көкөніс өндірісінің көлемі 2015 жылы 147,7 мың тоннаны құрады, ол ұлттық тұтыну нормасына сәйкес, елдің ішкі қажеттілігінің тек 83%-ын ғана құрайды. Бұл маусым аралығы кезеңінде көкөніс өнімінің көлемін ұлғайтуға, импортқа тәуелділікке әкеледі. Қазіргі уақытта, республика тұрғындарының жабық топырақтағы көкөніске қажеттілігі шамамен 175 мың тоннаны құрайды.