• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Жамбыл облысында 14 ұйым жекешелендірілді 07.12.2016

Басқарма басшысының сөзіне сүйенсек, жекешелендірудің екінші толқыны елімізде 2014 жылдан бастау алып, кешенді жоспар қабылданып, кешенді жоспарға сәйкес, облыс бойынша 2014 - 2015 жылдары 26 ұйым жекшелендірілуі тиіс болатын. 2014 жылы 11 ұйым ішінара жекешелендіріліп, одан жергілікті бюджетке 66, 2 млн. тенге түсті.

2015 жылы 14 ұйым жекешелендіріліп, одан 24, 6 млн. теңге түсіп, барлық түсім 90, 8 млн. теңгені құрады.

Оның ішінде:мемлекеттік қатысу үлесінің 51 пайызын құрайтын Тараз қаласының «Жасыл Ел Тараз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 615, 8 млн. теңгеге 3 жыл мерзімге;    мемлекеттік қатысу үлесінің 10 пайызын құрайтын Тараз қаласының «Тараз Тұрғын үй» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 7, 7 млн. теңгеге 3 жыл мерзімге;

«Болашақ» балаларды сауықтыру лагері» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны 300,4 млн теңгеге 10 жыл мерзімге;

«Рауан» балаларды сауықтыру лагері» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны 368,0 млн теңгеге 10 жыл мерзімге, яғни 4 ұйым кейіннен сатып алу құқығымен сенімгерлік басқаруға берілді.

Ал, Т.Рысқұлов ауданындағы «Жасыл Құлан» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің 49 пайызы сатылымға 5 рет шығарылып, сатып алушылардың болмауына байланысты сауда - саттық өтпеген деп танылды, - деп сөзін түйіндеді А.Қырықбаев.


 


Back to the list