03.12.2016
Мектепке дейінгі мекеме мемлекеттік-жеке меншік әріптестікті дамыту шеңберінде салынды, оның жобалық құны 107 млн теңгенi құрайды. Ауыл тұрғындары үшін 30-дан астам жұмыс орны ашылды, деп хабарлады өңір әкімдігі.
Облыс әкiмi Сергей Кулагин жиналған ауыл тұрғындарын Тәуелсiздiктiң 25 жылдығы мерекесiмен құттықтап, елдi мекендерде мемлекеттiк-жеке меншік әрiптестiк саласын дамыту Елбасымыздың алдымызға қойып отырған басты тапсырмаларының бiрi екенiн атап өтті.
Балабақша барлық қажетті жабдықпен жарақтандырылған, мұнда балалардың келуі мен дамуы үшін барлық қолайлы жағдайлар жасалған.