03.12.2016
2016 жылдың 1 қарашасында 2015 жылдың тиісті мерзіміне қарағанда облыстағы мал мен құс санының көбейгені байқалады. Шаруашылықтың барлық санаттарындағы ірі қара малдың саны – 4,3%-ға өсіп, 874,2 мың басты, қой мен ешкі тиісінше – 2,4%-ға өсіп, 4043,4 мың басты, жылқы – 8,7%-ға өсіп, 238,2 мың басты, түйе саны – 3,0%-ға өсіп, 23,9 мың басты, құс саны 8,1%-ға өсіп, 2480,1 мың басты құрады, ал, шошқа, керісінше, 15,7%-ға кеміп, 26,8 мың басты құрады.
Облыстағы шаруашылық санаттары бойынша ірі қара мал (89,7%), қой мен ешкі (78,9%), жылқы (82,3%), түйе (51,4%), шошқа (19,1%) және құстың (52,2%) ең жоғарғы үлесі халық шаруашылықтарына тиесілі. Ал ірі қара малдың 7,2%-ы, қой мен ешкінің 14,5%-ы, жылқының 13,1%-ы, түйенің 33,8%-ы, шошқаның 49,9%-ы және құстың 0,8%-ы шаруа немесе фермер қожалықтарында шоғырланған.
Мал мен құс санының едәуір өсу қарқыны (шартты мал басына есептегенде) 2015 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда Кентау қ.ә. (17,2%), Сайрам (14,9%), Шардара (12,1%), Сарыағаш және Түркістан қ.ә. (7,7%), Арыс қ.ә. (6,4%), Отырар, Қазығұрт және Ордабасы (5,1%) аудандарында байқалды.