• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Оңтүстік өңір шаруалары АӨК дамытудың жаңа мемлекеттік бағдарламасының жобасын талқылады 02.12.2016

Бағдарламаның тұжырымдамалық ықпалы – қосалқы шаруашылық пен ұсақ шаруа, фермерлік қожалықтарды өндірістің өсу факторымен қатар ауыл тұрғындарының өмір сүру деңгейін ескере отырып, ауқымды түрде кооперацияларды дамыту болып табылады, деп хабарлады ҚР АШМ.

Сараптама нәтижесі бойынша, қосалқы шаруашылықтарда өндірілетін өнімнің 80%-ы ауылдық жерде қалып қойып, қала тұрғындары мен өңдеуші кәсіпорындарға дейін жетпейтіні белгілі болып отыр.

Есесіне еліміздегі сүт және ет кәсіпорындары бар болғаны 50-60% жүктемелік қуаттылықпен жұмыс істеп тұр. Яғни, шикізат жетіспейді. Ал, кооперация арқылы осы өнімді өндіріске жеткізудің механизмі түзіледі.

«Кооперативтерге біріккен жағдайда, ең бірінші шешілетін жағдай өнімді тасымалдау», - делінген хабарламада.

Қазақстан жыл сайын импортқа 1 трлн теңгеге жуық азық-түлік тауарларын импорттайды. Ол тауарлардың ішінде елімізде өндірілетін тауарлар да бар. Олар: ірімшік, қант, сары май және т.б.

Жеке қосалқы шаруашылық пен шаруа қожалықтары өндірген өнімдерді кооперативтер арқылы сатып алып, өнімдерді өңдеп, шетелге кетіп жатқан ақшаны өз елімізде қалдыра аламыз. Жүктемелік 20-60% ғана құрайтын болғандықтан, өндірушілер ауыл шаруашылығы шикізатының жетіспеушілігін айтып отыр. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің 10-30% ғана өңделіп отыр.

Жоғарыда атап өткен күрделі мәселелерді жаңа бағдарламада айтылып кеткендей, кооперативтерге бірігу арқылы шешуге болады.

Еліміздің әрбір фермері ауыл шаруашылығы кооперативі арқылы мемлекеттік қолдау таба алады.

Кооперативтер арқылы тұрақты сатып алу мен ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілердің тауарларын өңдеуші кәсіпорындарға жеткізу мәселесі шешіледі.

Кооперативтерді техникалық жағынан жабдықтау «КазАгро» ҰБХ арқылы жүзеге асырылады. Сондай-ақ, ЖҚШ бойынша ветеринариялық, агрохимиялық, қаржылық, және өнімді өткізу бойынша кеткен шығындары кооперативтерді субсидиялау бойынша беріледі.


Back to the list