02.12.2016
«Мектеп оқушыларының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, мемлекет тарапынан 11 мектепке жаңа автобустар табыс етілді. Алдағы уақытта 3000-ға жуық оқушы мектепке жеке автобустар арқылы тегін тасымалданатын болады», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерекесіне орай, Шымкент қалалық əкімшілігінің ескі ғимараты күрделі жөндеуден өткізілді. 2015 жылдың қыркүйегінен басталған нысанның қайта жөндеу жұмыстарына 500 млн теңге бөлінді.
Бүгінгі таңда бұл ғимаратқа Əл-Фараби ауданы әкімінің аппаратымен қатар қалалық білім, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімдері де орналасқан.