29.11.2016
«Шағын және орта бизнес саласында 5141 кәсіпкерлік субъектілері тіркеліп, онда 12579 адам жұмыс істейді, 2015 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда кәсіпкерлік субъектілерінің саны 1,0 пайызға артты. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында банк несие пайызының бір бөлігін субсидиялау бағыты бойынша жалпы сомасы 543,9 млн теңгені құрайтын 14 жоба іске асты» - деді ол.
Сондай-ақ, аудан бюджеті 2016 жылдың 1 қарашасына аудан бюджеті кірістері бойынша 8 млрд 292,3 млн теңгеге немесе жоспар бойынша 101,5%-ға, өзіндік кірістер - 939,8 млн теңгеге (115,3%), трансферттердің түсімдері бойынша - 7 млрд 352,5 млн теңгеге (100,0%) орындалды.
2016 жылдың қаңтар-қазанында аудан бюджетінің шығындары 8 млрд 216,6 млн теңгені (жоспар бойынша 98,8%) құрап, 2015 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 24,1%-ға өскен, оның ішінде білім саласындағы шығындар - 19,7%-ға, әлеуметтік көмек пен қолдау саласында 12,9%-ға ұлғайған.
Сонымен қатар, брифинг барысында аудан басшысы салық мәселесінде айта өтті. 2016 жылдың қаңтар-қазанында мемлекеттік бюджетке 1 млрд 748,7 млн теңге салықтар мен басқа да міндетті төлемдер жиналды немесе болжамға 119,3 %. Республикалық бюджетке түсімдер 271,0 млн теңгені (118,6%), облыстық бюджетке - 537,9 млн теңгені (127,4%), аудандық бюджетке - 939,8 млн теңгені (115,3%) құрады.