30.11.2016
«Сыбаға» бағдарламасы бойынша 2016 жылға мүйізді ірі қара малдын 484 бас аналығын сатып алу жоспары белгіленген болатын. Есепті кезеңде 562 бас сиыр сатып алынды немесе жоспар 116,1%-ға орындалған. «Алтын асық» кешенді бағдарламасы бойынша 2016 жылға 3075 бас қой сатып алу жоспарланған, есепті кезеңде 15450 бас қой сатып алынған, жоспар 502,4 %-ға орындалған.
«Құлан» жылқы шаруашылығын дамыту кешенді бағдарламасы бойынша 2016 жылға 400 бас жылқы сатып алу жоспарланған, есепті кезеңде 620 бас жылқы сатып алынып, жоспар 155,0 %-ға орындалып отыр.
Бұдан бөлек, есепті кезеңде 156,3 млн теңгеге әртүрлі ауыл шаруашылығы техникасының 57 данасы сатып алынды.
Сондай-ақ ветеринария мәселесін мәлімдеген өңір басшысы, 2016 жылы ветеринариялық профилактикалық іс-шараларды, диагностикалық тексерулерді жүргізу үшін мемлекет тарапынан 88,7 млн теңге қаржы бөлініп, есепті кезеңде 87,3 млн теңгесі игерілгенін айтып өтті.