• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Оңтүстік Қазақстанда көпқабатты 10 тұрғын үй пайдалануға берілді 25.11.2016

Жергілікті халықтың қуанышымен бөліскен өңір басшысы Ж.Түймебаев қоныс тойын тойлаушылардың қатары алдағы уақытта мұнан да көп болатынына сенім білдірді.

«Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы аясында салынған үйлердің іргетасын қалау 2015 жылдың қазан айында басталған болатын. Жалпы ауданы 18 792 шаршы метр болатын көпқабатты баспаналарда 90 бір бөлмелі, 90 екі бөлмелі және 90 үш бөлмелі пәтер бар.

Алдағы уақытта Отырарда 450 пәтерлі 25 тұрғын үйдің құрылысын жүргізу жоспарланып отыр. Жалпы, ауданда бүгінгі таңда тұрғын үй кезегіне 716 азамат тіркелген.


Back to the list