22.11.2016
«Мұз айдыны» спорт кешенінде өткен форум барысында облыс әкімінің орынбасары Р.Рүстемов өз саласында үздік атанып, ел үшін еңбек етуді парыз санайтын жалынды жастарды "Кəсібінің үздігі", "Саламатты спортшы", "Ұлағат", "Қажырлы қайрат ", "Жігерлі жас", "Патриот", "Бейбіт күннің батыры" номинациялары бойынша марапаттады.
Атап айту керек, шара аясында патриоттық форумының үндеуі қабылданған болатын.
Форумға барлығы 2000-ға жуық Тәуелсіздік жылдарында аймағымыздың дамуына атсалысқан әр түрлі саланың үздіктері мен азаматтық қоғам институттарының өкілдері қатысты.