18.11.2016
Әскери өмірді Е. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің алғашқы әскери дайындық кафедрасының студенттері мен колледж шәкірттерінен құралған 80 оқушы көруге келді.
«Мұндай іс-шаралар жастардың қазақстандық қоғамның базалық құндылықтарына құрметпен қарауын қалыптастырады, әскери кәсіп пен қызметтің имиджін арттырады. Әрқайсымыз Отанымыздың болашақ қорғаушысымыз. Бүгін сендер әскери қызметшілердің қызмет ету жағдайымен танысып, қару-жарақ пен әскери техниканы өз көздеріңмен көре аласыңдар», – деп 31775 әскери бөлімінің командирі подполковник Ж.Маралов қатысушыларға құттықтау сөздерін жолдады.
Іс-шараға сондай-ақ, Қарулы Күштер мен жергілікті соғыс ардагерлері қатысып, жауынгерлік тәжірибелерімен бөлісті және өскелең ұрпаққа алғы сөздерін айтты.
«Қарулы Күштер шекараның тұтастығын, қол сұғылмаушылығын сақтап қалу үшін құрылған. Біз ата-бабаларымыздың өсиетін ұмытпай, бейбітшілікті сақтауға тиіспіз. Отанымыздың болашағы сендердің қолдарыңда», - деді сөз соңында Ауғанстандағы ардагерлер мен соғыс мүгедектері одағы қоғамдық бірлестігінің төрағасы Т. Хасенов.