17.11.2016
Одан басқа, қалада әрқайсысы 60 пәтерден тұратын 8 тұрғын үйдің құрылысы, сондай-ақ «Қазақстан ипотекалық компаниясы» бағдарламасы бойынша 144 пәтерге арналған 2 тұрғын үйдің құрылысы салынып жатыр, деп хабарлады өңір әкімдігі.
«Қалада тұрғын үй алу үшін кезекте тұрған азаматтардың жалпы саны 3 мыңнан астам адамды құрайды», - делінген хабарламада.
Үйлер салынып жатқан аумақты «Отырар» шағын ауданы деп атау және болашақта тағы 100 тұрғын үй салу жоспарланып отыр.