• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қызылорда облысында  құс етін өндіретін зауыт салынады 16.11.2016

«Жыл басынан бері «Бизнестің жол картасы - 2020» бағдарламасы аясында несие пайызын субсидиялауға 4 жоба үшін 83,0 млн теңге бөлінді. Сондай-ақ, жобаларды ұйымдастыру және іске асыру  үшін мемлекеттік гранттар беру бойынша 8 жоба 5,8 млн теңгенің грантын алдық. «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығы» ЖШС өндіріс және қызмет көрсету саласындағы 18 жоба 130,18 млн теңге несие алып, жұмыстарын бастады, - дейді аудан әкімі.

Жобаны қаржыландыру «Байқоңыр» ӘКК АҚ-мен бірлескен кәсіпорын құру арқылы жүзеге асырылуы жоспарланған. Бұл туралы Қармақшы ауданының әкімі Т.Мақашовтың қатысуымен Қызылорда облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында белгілі болды.

Жалпы аудандағы шағын субъектілердің саны 3220-ға жетіп, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 7 пайызға өсіп отыр. 

 

 


Back to the list