16.11.2016
Әкімдіктің қолдауымен «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде ғимараттарға 37,5 миллион теңге сомаға жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұл ғимаратта аутист балалардың ата-аналарының Ассоциациясы мен «Алтын Бата» қоры жұмыс істейтін болады.
«Орталықта балалар бір-бірімен ойнайды, сонымен қатар, оларды тұрмысқа қажетті түрлі істерді атқаруға үйретеміз. Олардың ата-аналарына балалардың жан-дүниесін түсініп, дертпен бірігіп күресуге көмектесеміз»- дейді павлодарлық аутист балалардың ата-аналарының Ассоциациясының құрылтайшы-директоры Дамира Абдрахманова.
Ерекше балалардың орталығының ашылуына Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов та қатысты. Әкіммен бірге шараға келген «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалының өкілдері мен қытайлық NFC компаниясының қызметкерлері орталыққа 5 миллион теңгенің сертификатын сыйлады.