15.11.2016
Шығыс Қазақстанда сүтті жануарлар мен халықтан сүтті сатып алуды дамыту бағдарламасы жүзеге асырылып жатыр.
2016 жылдың 4 қарашасындағы жағдай бойынша жоспарланған 3050 бас малға арналған 9 тауарлы сүт фермасының 1420 бас малға арналған 4 тауарлы сүт фермасы пайдалануға берілді.
«Жаңа құрылысты жүзеге асырумен қатар 9550 мал басына арналған 28 СТФ қайта жөнделуі жүзеге асырылуда», - деді Қ.Төлеубеков.
Сондай-ақ, әкімдікте хабарлағандай, ШҚО-да білім беру, денсаулық сақтау, көлік инфрақұрылымы, ТКШ саласында 139 млрд теңгенің 22 жобасы жүзеге асырылуда.