• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қазақстанда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 5750,5 млрд. теңгені құрады - ҰЭМ 14.11.2016

2016 жылғы қаңтар-қазанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 14919,6 млрд. теңгені құрды, бұл 2015 жылғы қаңтар-қазанға қарағанда 1,7% азайды. Өңдеу өнеркәсібінде өндіріс көлемі 0,4%, электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда 0,1% артты. Кен өндіру өнеркәсібінде және каръерлерді қазуда өндіріс көлемі 3,5%, сумен жабдықтауда, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылауда 4,9% төмендеді.

2016 жылғы қаңтар-қазанда ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 3100,3 млрд. теңгені құрап, 2015 жылғы қаңтар-қазанға қарағанда 4,3% артты.

2016 жылғы қаңтар-қазандағы «Көлік» саласы бойынша нақты көлем индексі 103,8%-ды құрды.

2016 жылғы қаңтар-қазанда жүк айналымының көлемі 418,8 млрд. ткм (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын жеке кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемінің бағалауы есебімен) немесе 2015 жылғы қаңтар-қазанға 100,2% құрады. Жолаушылар айналымының көлемі 216,9 млрд. жкм құрап және 3,5% артты.


Back to the list