• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Ақмола облысының ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы жиналымы 6,7 есе ұлғайды 11.11.2016

«1999 жылдан бері облыстың ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы жиналымы 43,5 млрд теңгеден  290,9 млрд теңгеге дейін немесе 6,7 есе ұлғайды. Өсудің бұл қарқыны ауыл шаруашылығы өндірісінің ашылуымен және кеңеюімен, агроөнеркәсіп кешеніне жаңа технологиялардың енгізілуімен, сондай-ақ өңір шаруаларына көрсетілетін мемлекеттік қолдаумен қамтамасыз етіледі», - деді М. Балпан.

Басқарма басшысы ауыл шаруашылығы науқанының қорытындыларымен бөлісті, өңір шаруалары биылғы жылдың ауыр табиғи-климаттық жағдайларына қарамастан, 5 млн тоннадан астам астық жинаған.

«Астық сапасы жақсы, бүгінгі таңда жалпы жиналымның 60%-ы 3-класқа сәйкес келеді, бұл республиканың солтүстік облыстары арасында жақсы көрсеткіш болып табылады», - деп хабарлады спикер.

М. Балпан қабылданып жатқан мемлекеттік қолдау шараларының арқасында облыста ауыл шаруашылығы малдары мен құстарының барлық түрлерінің тұрақты өсу динамикасы, сондай-ақ мал шаруашылығы өнімінің негізгі түрлері өндірісінің өсуі байқалатынын атап өтті.

«Биылғы жылы 8 жоба пайдалануға енгізілген. Мысалы, Ерейментау ауданының Ақсуат ауылында 3 мың бас ірі қара малған арналған азық алаңы өз жұмысын бастады. Одан басқа, «ЖЖК 2020» және «БЖК 2020» бағдарламалары шеңберінде отбасылық үлгідегі 95 азық алаңын құру жоспарланған», - деп хабарлады ол. 


Back to the list