• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
ШҚО-да  ауыл шаруашылығының   бірыңғай лабораториясы  құрылады 09.11.2016

ШҚО әкімдігінде хабарлағандай, ауыл шаруашылығы өнімін  Қытайға экспорттау үшін  пестицидтердің  50 түрі мен  11 карантин нысанын анықтау керек, Қазақстанда  бес түрі бойынша  зерттеу жүргізіліп жатыр.  ГМО бойынша сараптама жүргізу қажет. Қазақстанда  осы сынды лаборатория жоқ, ол өзге елдерге экспорт жасау үшін кешендік сараптау жүргізетін мекеме қажет.

Облыс әкімінің орынбасары Дүйсенғазы Мусиннің төрағалығымен жұмыс тобы  Орынборға барып,  ресейлік мал дәрігерлерінің тәжірибесін тамашалады. Олар ветеринария және  егін шаруашылығы мен ауыл шаруашылығы өнімін сараптау тәсілдерін көрді.

Сапар қорытындысы бойынша мамандар  Шығыс Қазақстанда бірыңғай  көпсалалы сынақ лабораториясын  ашуды ұсынды.

ШҚО әкімі Даниал Ахметов идеяны мақұлдап, қажетті қондырғыларды сатып алу бойынша  іс-әрекет алгортмін құруды тапсырды. 


Back to the list