04.11.2016
Өңір әкімдігі хабарлағандай, жаңа кәсіпорында 30 жаңа жұмыс орны ашылды. Зауыттағы құрал-жабдықтарды мәскеулік «Ротэкс» компаниясы орнатқан. Компания зауытта жобаны әзірлеу, реттеу жұмыстарымен айналысып, ары қарайғы техникалық қолдауды жүргізетін болады.
«Ең бастысы, кәсіпорында сапалы өнім шығарылуы тиіс. Тауарды сатылымға шығару бойынша қолдан келген көмекті аямаймыз», - деді Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов.
Зауыт директорының айтуынша, олардың өнімдері Қазақстан мен Ресейде сынақтан өткен. Зауытта өндірілетін электродтарды біздің өңіріміздегі ғана емес, бүкіл Қазақстандағы энергетика, машина жасау, металлургия, мұнай-газ кешені, құрылыс, тау-кен өндірісімен айналысатын кәсіпорындар сатып алуына болады. Қазіргі кезде зауытта «Промтехстрой» ЖШС, «Имсталькон» ЖШС, «ПРЭК» АҚ, «САЭМ ЗМК» ЖШС-мен ынтымақтастық келісімшартарына қол қою көзделіп отыр.
Атап өтерлігі зауытта электродтардан бөлек сұйық шыны шығаратын желіні іске қосумен айналысып жатыр. Сұйық шыны болат конструкцияларды дәнекерлеу үшін қажетті металл өзекшенің қаптамасына кіретін негізгі компонент болып табылады.