• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Ақтөбе облысының тұрақтандыру қорында  7 мың тонна  ауыл шаруашылығы өнімі бар 02.11.2016

Қазіргі таңда жоспарға сәйкес облыстың тұрақтандыру қорына 1000 тонна картоп, 136 тонна сәбіз, 68 тонна орамжапырақ, 200 тонна жуа, 10 тонна қызылша салынған. 2016 жылдың көктемінде өнімдерді сақтайтын барлық қоймасы бар «Пригородный» ЖШС-мен келісімшартқа қол қойылды. Алдағы қыста азық-түлік бағасын тұрақтандыру бойынша жұмыстарды күшейту үшін қосымша 272 тонна қант, 200 тонна өсімдік майы, 204 тонна күріш, бірінші сұрыпты 200 тонна ұн сатып алу туралы шешім қабылданды. Тұрақтандыру қорының өнімі «Табыс» коммуналдық базарында, 10 шағын базарларда және 2 әлеуметтік дүкенде, сонымен қатар облыс аудандарында жүзеге асырылатын болады.

Облыс аудандарында 4 мың тоннаға жуық өнім салынды.

«Бізге алдыңғы кезекте қажет болатын азық-түлік пен көкөністер бағасының өсуіне жол бермес үшін тиімді шаралар қолданып, осы мәселені әрқашан бақылауда ұстауымыз қажет. Басты назарды салынатын өнімнің сапасы мен мерзіміне аударған жөн. Қоймада сақтар алдында барлық талаптар ескерілуі тиіс», - деп ескертті облыс әкімі.

Облыстың санитарлық-эпидимиологиялық жағдайы да өңір басшысының қатаң бақылауында.

Ақтөбе облысының тұтынушылар құқығын қорғау департаменті басшысы Нұрсұлу Беркімбаеваның айтуынша облыс аумағындағы санитарлық-эпидимиологиялық жағдай тұрақты, жыл басынан бері облыста қоғамдық тамақтану, ауыз сумен жабдықтауға байланысты жұқпалы аурулар мен тағамнан улану жағдайлары тіркелмеген. 3 қазанда облыстың кем дегенде 10 % халқын, жалпы алғанда 82 мыңнан астам адамды қамтитын тұмауға қарсы егу басталды. Осы мақсатта жергілікті бюджет есебінен 29 млн теңгеге 32 977 вакцина дозасы , жұмыс берушілер есебінен тағы 40 200 вакцина дозасы сатып алынды.

«Уақытында егілудің нәтижесінде жұқпалы аурулар саны азайды. Көп жылдан бері қызылша, дифтерия, көкжөтел, туляремия, сібір жарасы және тағы басқа аурулар тіркелген емес. Халық арасында туберкулез ауруының 4,1%, ауру-сырқау 7,2%, азайғаны байқалады»,-деді департамент басшысы.

Әйтеке би, Мәртөк және Темір аудандарының әкімшілік орталықтарындағы типтік полигондар құрылысының жобалық сметалық құжаттамасы жасалса да, мәселесі жылдан жылға шешілмей келеді. Ал, Алға, Шалқар, Мұғалжар және Хромтау аудандардан өзгелерде тұрмыстық қатты қалдықтарды жинайтын типтік полигондар жоқтың қасы. Өнім қауіпсіздігі мониторингі барысында санитарлық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу үшін өнімдерді сатып алу жолымен 2279 өнімнің сынамасы сатып алынып, оның 317-сі талапқа сай болмай шықты. Анықталған кемшіліктерге байланысты халықтың санитарлық-эпидемилогиялық салауаттылығы саласындағы бұзушылықтарды жоюға жеке кәсіпкерлік субъектілеріне 121 бұйрық шығарылды.

Жиналыс соңында Бердібек Сапарбаев аудан әкімдеріне тұрақтандыру қорына өнім салу, инертті материалдарды сатып алу, қысқы төтенше жағдайларда жылыту пункттері мекемелеріне қатысты бірқатар тапсырмалар берді.


Back to the list