• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қазақстанда инфляция 6,2% құрады - ҰЭМ 02.11.2016

«Ағымдағы жылдың басынан бері (2016 жылғы қазан 2015 жылғы желтоқсанға) бағаның өсуі шайға 33,3%, жармаларға – 29,6%, қантқа – 18,1%, нанға – 16,7%, қайта өңделген және консервіленген көкөністерге – 13,7%, кондитерлік өнімдерге – 13,2%, күнбағыс майына – 12,4%, салқындатылған сусындарға – 11,3%, макарон өнімдеріне – 10,7%, құс етіне – 10,4%, жеміс және көкөніс шырындарына – 9,8%, тоқаш және ұннан дайындалатын өнімдерге – 8,6%, кептірілген жемістер мен жаңғақтарға – 7,4%-ға белгіленді. Бағаның төмендеуі жаңа жиналған көкөністерге 24,6%, шикі сүтке – 6,2%, жұмыртқаға – 1,1%, картопқа – 0,9%-ға тіркелді», - делінген хабарламада.

Баға өсімі фармацевтикалық өнімдерге 15,1%, кеңсе тауарлары мен сызу құралдарына – 12,5%, жеке қолданатын тауарларға – 10,3%, тұрмыстық аспаптарға – 9,7%, жуғыш және тазалағыш құралдарға – 9,6%, шыны және қыштан жасалған өнімдерге – 8,7%, тоқыма бұйымдарына – 8,1%, автомобильдерге – 8%, киім және аяқ киімге – 7,5%-ды құрады. Дизель отыны 33,7%, баллондағы сұйытылған газ – 16,3%-ға қымбаттады.

Баға деңгейі денсаулық сақтау қызметтеріне 8,4%, білім беру – 6,5%, демалыс, ойын-сауық және мәдениет саласындағы – 5,6%, мейрамханалар мен қонақ үйлер – 5%, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындары – 3,8%-ға өсті. Жолаушылардың алыс қашықтыққа қатынайтын темір жол көлігімен жол жүру ақысы 11,8%, әуе көлігіне – 9,4%, ішкі қалалық қатынастарда автобуспен – 8,4%-ға жоғарылады.

Тұрғын үй-коммуналды қызметтер саласында тарифтер кәрізге 25,2%, суық суға – 12,2%, қоқыс шығаруға – 11%, тарату желілері арқылы тасымалданатын газға – 7,5%, орталықтан жылытуға – 7,3%, электр энергиясына – 6,1%, ыстық суға – 5,3%-ға өсті.


Back to the list