01.11.2016
Бүгінгі таңдағы мәліметтерге сәйкес, белгіленген мердігер ұйымдармен қысқы күтіп ұстау жұмыстарына облыс бойынша жалпы 126 бірлік жол техникалары мен жабдықтар, 8355 тн. құм, 1073 тн. тұз, 122 000 л. дизельді жанармай мен 23 240 л. бензин дайындалған.
Бекежан Самижанұлының ақпараты бойынша, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында, мердігер ұйымдармен қыс мерзімінде орнатылу орны аудандық Ішкі істер бөлімдерімен келісілген уақытша 1.15. - «тайғақ жол», 3.24 - «жоғары жылдамдықты шектеу» және 7.2.1 - «әрекет ету аймағы» жол белгілері орнатылу үстінде.
Сонымен қатар, мердігер ұйымдарға аса қажетті жол телімдеріне, атап айтқанда, тау асулары мен төмен - тік өрлерге, қарқынды қозғалысты қиылыстарға, теміржол өтпелері мен аялдамаларға тайғақтыққа қарсы материалдарды дайындап жеткізу жөнінде тапсырма беріліп, бұл бағытта жұмыстарды орындау аяқталу үстінде.
Қыс мерзімінде жағымсыз ауа - райы салдарынан автожолдарда төтенше жағдайларды болдырмау және тиімді, жедел шаралар қабылдау мақсатында, аудан әкімдіктері мен мердігер ұйымдар тарапынан тәулік бойы кезекшілік те ұйымдастырылған.
Оған қоса, беріліп отырған болжам бойынша алдағы қыстың қатты болу мүмкіндігін алға тарта отырып, барлық мердігер ұйымдарға автожолдарды қысқы күтіп ұстауға қосалқы ұйымдарды тарту немесе олардың автогрейдер және басқа жол техникаларын жалға алып жұмылдыру бойынша ниет ету келісім-шарттарын жасау іс-шараларын жүргізіп, қыс мезгіліне дайындықтың күшейту қажеттілігі жеткізіліп, Басқарма тарапынан бұл сұрақтың орындалуы мен жалпы автожолдарды қысқы күтіп ұстау мәселесі қатаң бақылауға алынып отыр.
Міне, осы жұмыстарды баян еткен басқарма басшысының орынбасары сөз соңында бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта толықтай басшылық қарауында болатынын айтып өтті.