• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
ОҚО-да инвестжобаларды жүзеге асыру үшін 100 га-дан астам жер бөлінді 31.10.2016

Қабылданған қаулы аясында құны 32,2 млрд. теңгені құрайтын инвестициялық жобаларды іске асыру үшін 100 га-дан астам жер телімі бөлінді.  

Атап айтқанда, күн сәулелік электростанция құрылысын салу үшін Арыс қаласы мен Сарыағаш ауданы аумағынан көлемі 71,8 га жер учаскесі бөлінсе, индустриялды аймақтардан құрылыс материалдарын өндіру, дизельді май шығару, түсті металл бұйымдарын шығару және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өндеу цехы үшін көлемі 42 га жер учаскесі пайдалануға берілді.

Айта кетейік, Оңтүстік Қазақстан облысының инвестициялық тартымдылығын кушейту және кәсіпкерлерге қолайлы жағдай жасау мақсатында, өңірде 11 индустриялды аймақ құрылған.

Қазіргі таңда, облыс бойынша индустриялды аймақтарда құны 201,3 млрд. теңге құрайтын 166 жоба іске асырылуда.

Облыс әкімдігімен кәсіпкерлерге қолдау көрсету мақсатында 2016 жылдың басынан әкімдіктің 66 қаулысы қабылданып, кәсіпкерлердің жер беру туралы өтініштері қанағаттандырылды. 


Back to the list