31.10.2016
Өткен жылдың сәйкес кезеңіне қатысты алғанда, тұрғын құрылысының өсу қарқыны 100,1%-ды құрады. Өңірде салынған тұрғын үйлер үлесі жалпыреспубликалық көлемнің 2,7%-ын құрады.
«2016 жылғы 9 айда 2022 пәтер пайдалануға берілді, бұл 2015 жылғы сәйкес кезең деңгейінен 8,0%-ға көп. Соның ішінде қолжетімді баспана құрылысы мемлекеттік бағдарлама бойынша 367 жалдамалы коммуналдық және 320 несиелік пәтер салынды», - делінген хабарламада.
Әдеттегідей тұрғын үй құрылысына ең көп үлес жұртшылық – облыстық көлемнің 37,8%-ын қосты, жеке меншік нысандағы кәсіпорындар 31,5%, мемлекеттік – 24,2%, шетел кәсіпорындары - 6,5%-ын салды.
Тұрғын үй құрылысына инвестиция 15650,2 млн. теңгені құрады.