24.10.2016
2016 жылдың басынан бастап өнеркәсіптік өнім өндірісі 844,2 млрд теңгені құраған. Өңдеу өнеркәсібінде 245,1 млрд теңгеге өнім өндірілген. Осы ретте, сусындар, қағаз және қағаз өнімі, мұнай өңдеу, химия, қара металлургия, машина жасау өнімдері өндірісінің көлемдері өскен.
«Өңірлік Кәсіпкерлікті қолдау картасы шеңберінде үш жүзден астам жұмыс орны ашыла отырып, 6,5 млрд теңге сомасына 4 жоба іске асырылуда», - деп хабарлады облыс әкімінің орынбасары.
Одан басқа, әкім орынбасарының деректері бойынша, ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 132,4 млрд теңгені құраған.
«Физикалық көлем индексінің өсуі облыстың барлық аудандары бойынша байқалады, ІҚМ басы 432,8 мыңға дейін, жылқы басы 109,4 мыңға дейін, қой мен ешкі басы 1256,9 мыңға дейін, түйе басы 16,7 мыңға дейін ұлғайды», - деп атап өтті А. Биахметов.