• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Астанада  Солтүстік Қазақстан облысының күндері өтеді (ФОТО) 21.10.2016

Баспасөз конференциясы барысында СҚО әкімінің бірінші орынбасары Айдарбек Сапаров жәрмеңкеге Петропавл қаласы мен облыстың 100-ден аса ауыл шаруашылығы құрылымдары мен өңдеу кәсіпорындары қатысатындығын жеткізді.

«Астана қаласына облысымыздың ауылшаруашылығы тауар өндірушілері 700 тоннадан аса өнім әкеледі. Оның ішінде 90 тоннаға жуық түрлі ет өнімдері, 10 тонна шұжық, 24 тонна сүт өнімдері, 450 тонна картоп пен көкөніс және тағы басқалар», - деді ОКҚ брифингінде Айдарбек Сапаров.

Бұдан бөлек, Айдарбек Сапаров бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы баяндады. Тәуелсіздік жылдарында Солтүстік Қазақстан облысының өңірлік жалпы өнім көлемі 13 есе артып, 837 миллиард теңгеге жеткен. Ауыл шаруашылығындағы өндіріс көлемі 289,6 млрд. теңгені құрады.

Сондай-ақ, брифинг барысында облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Наиль Салимов  облыстық ассамблеяның жұмысына тоқталды.   

«Астана қаласындағы Солтүстік Қазақстан облысы күндері» аясында облыс тарапынан үлкен бағдарлама әзірленген.

22-23 қазан күні «Хан Шатыр» сауда-ойын сауық орталығының  жанындағы алаңда «Өңір берекесі» атты ауыл шаруашылығы тауарларының жәрмеңкесі өткізіледі.

22 қазан Тәуелсіздік және келісім сарайында Солтүстік Қазақстан облысының үздік шығармашылық ұжымдарының «Мағжан елінен – Елорда төріне» атты гала-концерті өтеді.

Өңір күндері «Қуатты өңірлер – қуатты Қазақстан» акциясы шеңберінде ұйымдастырылуда. Аталған шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған. Осыған дейін Елордада 12 облыстың  күндері өтті.


Back to the list