21.10.2016
Ағымдағы жылғы 9 ай қорытындылары бойынша Ақмола облысы бойынша жалпы өнім көлемі - 248,4 млрд теңгені, физикалық көлем индексі 113,1%-ды құрап, республика бойынша бірінші орынға ие болды.
Бүгінгі таңда ауыл шаруашылығы саласындағы дәнді және бұршақ дақылдарының жалпы жиыны 5,6 млн-нан астам тоннаны құрады, орташа өнімділік – 13,2 ц/га. Облыс бойынша майлы дақылдардың жалпы жиыны 128,8 мың тоннаны құрайды, орташа өнімділік – 9,1ц/га.
Одан басқа, өңірде картоп өсіру саласын дамыту бойынша да белгілі жұмыс жүргізілуде. Осы жылы картоптың жалпы жиыны 258,3 мың тоннаны құрады. Қазіргі уақытта облыста жалпы сақтау сыйымдылығы 71,6 мың тоннаны құрайтын 54 мамандандырылған сақтау қоймасы бар.
Бүгінгі күні әкімдіктің ақпараты бойынша, ағымдағы жылы 789,8 мың га ауданда көзделген сүдігер жырту жұмысы барынша жүргізіліп жатыр. Бүгінгі таңда 707,0 мың га жыртылған, бұл көзделген ауданның 89,5%-ын құрайды.