19.10.2016
Оның айтуы бойынша, 2011-2020 жылдары «Ақбұлақ» бағдарламасы шеңберінде өңірдің 10 елді мекені ауыз сумен қамтамасыз етіледі (Пионер, Шайдана, Бесжылдық, Аса, Рахат, Құмтиын, Гродеково, Қызылдихан,Тастөбе, Айшабибі).
Сондай-ақ, спикер газдандыру жетістіктеріне де толық тоқталып кетті. Ауданда 42 елді мекен бар, соның ішінде 26-сы газдандырылған. 16 елді мекен газдандырылмаған.
«13 елді мекенге газ құбырын тартудың техникалық-экономикалық негіздемесі (ТЭН) дайындалып, республикалық бюджеттен 2 млрд 893,7 млн теңге көлемінде қаржы бөлуге бюджеттік өтінім жіберілген», - деді әкім.
Сондай-ақ, өңір басшысы денсаулық саласында атқарылып жатқан жұмыстарға да тоқталып өтті. Ауданда 115 төсекке арналған орталық аудандық ауруханадан, 1 орталық аудандық емханадан, 1 ауылдық емханадан, 1 аудандық туберкулезге қарсы диспансерден, 10 дәрігерлік амбулаториядан, 8 фельдшерлік-акушерлік пункттен және 19 медициналық емдеу-профилактикалық пунктінен тұратын медициналық ұйымдар желісі бар.
«Бүгінгі таңда аудандық ауруханада бірыңғай медициналық жүйе бойынша 19 автоматтандырылған ақпараттық жүйе жұмыс істейді. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап медициналық қызмет көрсету бойынша 5 жол картасы енгізілген», - деп түйіндеді өңір басшысы.