19.10.2016
Ағымдағы жылы арпа 1 897,2 мың га алқапқа егілді. Қазіргі кезде 99,6 % алқап қамтылды. Биылғы орташа түсімділік 1 га 17,3 центнерді құрап отыр.
Салыстыру үшін: 2015 жылы түсімділік 1 га 13,5 центнерді құрады.Сонымен қатар, республика бойынша қарақұмық жинау науқаны аяқталды.
Қорытындылай келгенде, шаруалар осы өнім түрінің 100 мың тоннасын бастырды. Түсімділік 1 га 10,1 центнерді құрады.
Айта кетейік, еліміздің 7 облысында шаруалар қарақұмық егумен айналысады. Негізінде республиканың солтүстік өңірлерінде өсіріледі.
Тағы бір айта кетерлік жайт, ҚР Ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі Қ.Айтуғанов Үкімет отырысында келешекте егіс алқаптарының құрылымында айтарлықтай өзгерістер болатынын ескерткен еді. Алдағы жылдары егіс алқаптарындағы астық көлемі 2 млн. га азайып, майлы дақылдар егісінің ауқымы артады.