• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Ақмола облысында 2017 жылы сыйымдылығы  19 мың тоннаны құрайтын  астық қоймасы  ашылады (ФОТО) 14.10.2016

Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин Көкшетаудағы  салынып жатқан  тоғыз қабатты 90-пәтерлік үйге барды. Тұрғын үй «Қолжетімді баспана»  бағдарламасы аясында салынып жатыр. Құрылыс отандық материалдарды қолдану арқылы тұрғызылып жатыр. Нысанды  2017 жылдың басында тапсыру  жоспарланған.

Ақпаратқа сәйкес, жобаға сәйкес, көпқабатты үйде  18 үш бөлмелі, 36 бір және екі бөлмелі пәтерлер болады. Үй фин технологиясы арқылы салынып жатыр.

Ақмола облысының әкімдігінде хабарлағандай, құны  750 млн теңгелік осындай тағы екі үй салынады.

Облыс әкімінің барған келесі нысаны  «Көкше Престиж Бидай» ЖШС, сыйымдылығы  19 мың тоннаны құрайтын  астық қоймасы болды. Жобаның құны  80 млн теңгені құрады. Нысан келесі жылдың басында пайдалануға беріледі. Болашақта 70 жұмыс орны ашылады.

Осыдан кейін әкім «Революция күрескерлеріне»  арналған саябақтың құрылысымен танысты. 


Back to the list