• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Қазақстанда жекешелендіру аясында  республикалық меншіктен 19  нысан  сатылды 13.10.2016

2016 жылдың 11 қазандағы жағдайы бойынша іс жүзінде саудаға 518 объекті шығарылды, оның ішінде 322 нысан  сатылды, республикалық меншік бойынша - 19, коммуналдық меншік бойынша - 164, ӘКК - 84, холдингтер бойынша - 56.

Сонымен, қаражат келесі түрде таратылды: республикалық бюджетке 6 994 млн. теңге, облыстық бюджеттерге 5 188 млн. теңгеден астам, Холдингтер 67 101 млн. теңге, ӘКК 6 354 млн. теңге.

«Республикалық меншік бойынша барлығы 2014-2020 жылдарға арналған сату Кестесі бойынша 65 объекті жекешелендіруге жатады. 2014 жылдың маусым - 2016 жылдың қазандағы кезеңінде іс жүзінде сатуға 45 объекті жоспарланған. Ағымдағы жылдың 11 қазандағы жағдайы бойынша сауда-саттыққа 27 нысан  шығарылды, оның ішінде 19 нысан  сатылды», - делінген хабарламада.

Коммуналдық меншік бойынша  барлығы 2014 - 2020 жылдарға арналған сату Кестесі бойынша 497 объектінің сатылуы белгіленді. 2014 жылдың маусым - 2016 жылдың қазандағы кезеңінде 290 объекті жекешелендіруге жатады. Іс жүзінде 11 қазандағы жағдайы бойынша 256 объекті шығарылды, соның ішінде 164  объекті сатылды.

Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпарациялар бойынша  әлеуметтік-кәсіпкерлік корпарациялар бойынша 2014 - 2020 жылдарда сату кесте бойынша сатуға 168 объекті белгіленді. 2014 жылдың маусым - 2016 жылдың қазандағы кезеңінде 125 объекті жекешелендіруге жатады. Іс жүзінде 107 объекті сатуға қойылды, 84 объекті сатылды.

Ұлттық компаниялар мен холдингтер бойынша  2014 - 2020 жж. арналған сату Кестесі бойынша 283 объекті жекешелендіруге жатады, 11 қазандағы жағдайы бойынша жоспарланған 164 объектінің 128 объектісі сауда - саттыққа шығарылды, оның ішінде 56 объект сатылды.


Back to the list