• usd -1.56%
    431.37
  • eur -3.51%
    492.67
  • rub +0.01%
    5.71
  • gbp -4.40%
    583
  • cny -0.24%
    67.83
Павлодар облысындағы құс фабрикасы жылына 60 млн жұмыртқа  шығарады 10.10.2016

Құс фабрикасында құрылыс-монтаждау жұмыстары толығымен аяқталды: бес тауық қорасы, жұмыртқаларды сараптаудан өткізетін цех, санитарлық өткізу аумағы, әкімшілік корпус жұмысқа сақадай сай дайын тұр. Кәсіпорын басшысының Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовқа айтуынша жобаға салынған инвестициялар көлемі қазірдің өзінде 500 миллион теңгені құрайды. Құс фабрикасының жалпы құны  1,5 миллиард теңгені құрайды.

«Біз балапандардың алғашқы партиясын әкелдік. Енді оларды 130 күн ішінде жемдеп, өсіретін боламыз», - дейді «Павлодар-Құс» ЖШС-ің директоры Ербол Досыбаев. «Біз өзіміздің өнімімізді сатылымға шығару үшін қаламыздың кәсіпорындары мен сауда желілермен алдын-ала келісімшартқа отырдық».

Кәсіпорында жаңадан ашылған 60 жұмыс орнына Жетекші ауылының тұрғындары орналасты.

«Мен кәсіпорында алғашқы күнінен бастап жұмыс істеймін, - дейді құс фабрикасының реттеуші операторы Шыңғысхан Әбдірахманов. – Ауыл жастары үшін қомақты жалақы төленетін жұмыс орындарының ашылуы көңілді қуантады.

Айта кетерлігі, «Павлодар-Құс» ЖШС-де құс фабрикасын жеммен қамтамасыз ететін құрама жем фабрикасы жұмыс істейді. Фабриканың жалпы құны 100 миллион теңгені құрайды.

 


Back to the list